«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кенті No2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 2 поселка Аршалы отдела образования по  Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абайдың табиғат лирикасындағы лирикалық кейіпкер

27.04.2017

Абайдың табиғат  лирикасындағы лирикалық кейіпкер

Турумтаева

Назымгуль Рамазановна – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

№2

Аршалы орта мектебі

Аршалы

ауданы, Ақмола облысы

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазіргі таңда ерекше назар

аудартатын саланың бірі «Абайтану». Тек қана

қазақ ұлты үшін ғана емес, сонымен өзге тілді ұлттарға ұлы Абайдың өмірі мен

шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану көкейкесті мәселе.

Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып

дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу

жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық:

1.    

Зерттеу

тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.

2.    

Ұлы

ойшылдың табиғат лирикасына арналған өлеңдеріндегі кейіпкерлердің бейнесін ашып

көрсету.

3.    

 Ақынның өлеңдерінің жаңа қырынан таныту.

Тақырыптың өзектілігі:

Ұлттық руханияттың белгісі - мәдени мұраға иек арту жаһандануға жақындау

мен ұлттардың өзін - өзі сақтауы болып табылады. Осынау өркениетке ұмтылып

отырған уақытта ұлттық ұранымыз бен рухымызға айналған Абай есімі ұрпақтан -

ұрпаққа жалғасып, бүгінде маңызын жоймайтын мәңгілік тақырыпқа айналды. Ұлылар

туралы жинап зерттеу, оны таныту көп ізденісті және жауапкершілікті қажет

етеді. Абайдың табиғат лирикасындағы лирикалық кейіпкерлерінің ерекшеліктерін

көрсету өзектілігін айқындайды.

          Зерттеудің нысаны:

Зерттеудің нысанына Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері негіз

болып отыр.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау, талдау әдістері басшылыққа алынды.

          Зерттеудің

ғылыми жаңалығы. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен

шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға салу, Абайтану

ғылымының қалыптасуының бірден-бір жолы, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі қазақ

халқының тарихы, болмысы, салт-дәстүрі салыстырыла отырып талдау объектісіне

айналды. 

Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген

әдебиеттер пайдаланылды. Атап айтқанда «Абай» энциклопедиясы, «Абайтану

тарихы», «Абай және қазіргі заман» т.б. алуан-алуан материалдар пайдаланылды.

Қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясы және Абай Құнанбайұлы жайында әркез

зерттеулер жазған, теориялық еңбектер берген ғалымдар М.Әуезов, З.Ахметов,

Қ.Мұхаметханұлы, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев т.б. ғалымдардың еңбектері

дерек көзі ретінде кеңінен пайдаланылды. Одан басқа да еңбектер, баспасөз

материалдары, оқулықтар, интернет желісі, монографиялық дүниелер де назардан

тыс қалмады. 

           Зерттеудің теориялық және

методологиялық негізі. Ғылыми-зерттеу

жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының

жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды. Әдебиеттану

ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер жұмысымыздың

негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын Абай

Құнанбаев шығармашылығы және соңғы жылдардағы оқу бағдарламасына сәйкес

«Абайтану» пәнін оқытуда жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Сонымен

қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту

кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға,

практикалық талдауларға қолдануға болады. 

Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында

өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз»

деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың

жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы

боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген

өлеңінде:

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп. 

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі 

-  деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз

тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның

жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина

ретінде көз алдыңа келеді.

Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап

тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр,

мылқау күш екендігін аңғартады.

Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін

береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің

суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз

кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына

жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.

           

Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам

өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген

қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал

баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:

         Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп,

көрісіп, құшақтасып,

Шаруа

қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып,

сырласып, мауқын басып

- деп,

Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең

қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан

ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен

байланысты екендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы өлеңінің екінші бір

жерінде: 

Жаңа

пұлмен жамырап саудагерлер,

Диқаншылар

жер жыртып, егін егер.

Шаруаның

бір малы екеу болып,

Жаңа

төлмен көбейіп дәулет өнер[]

дейді. Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен

бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің

қайнар көзі деп таниды.

Мал

семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзат

көңілі өсіп, көтерілер.

Қара

тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір

сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап

қарасаң, тәңір ісіне,

Бойың

балқып, ериді іште жігер[]

 -  деп, жаздың суретін өзі де сүйеді және

оны жалпы жұрттың көңілін шарықтатып, жігерін туғызатын маусым деп ұғады.

         «Күз»

өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай

берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең

екендігін айқындайды.  

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

-  деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың жапырағынан

айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған

балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде

елестетеді.

         Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,

         Көңілсіз қара суық қырда жүрсең,

-  дейді. Жалғыз бұл ғана емес, қай жерін оқысаң да, лирикалық

кейіпкерлердің бейнесі арқылы көзіңе күзгі кедей ауылдың көңілсіз сүреңі

елестейді.

Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін

біраз өлеңдері - аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар.

Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің түп нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей

шығып отырмайды. Автордың айтайын деген ойын, негізгі желісін алады да, соны

өзінше толғап, анаумен жарыса жырлап кетеді. Қайсы бір өлеңнің басы бірдей

басталады да, аяғы өзінше бітеді. Абайдың енді бір аудармалары бар: ол

аудармалардың тұсында әлгі айтқанымыздай немесе «Евгений Онегин» романының үзінділерін

аударғаңдағыдай еркін кетушілік машығын қолданбайды. Түпнұсқа мүмкіндігінше

сақталады. Олардың көпшілігі Лермонтовтан аударылған.

                  Қараңғы түнде тау қалғып,

                  Ұйқыға кетер балбырап,

                  Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен –дағы

Сабыр қылсаң азырақ []

Бұл өлеңде тек

табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл-күйі бар,

философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен

сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ

поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларында жаңа, терең, күшті

үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз,

жаңа сөз тапты.

Қорытындылай келсек, Қазіргі таңда оқушыларға ұлы Абай мұрасын жан-жақты танытуға, әсіресе ғылыми сипатта

дамытуға ерекше септігін тигізетін ғылым «Абайтану» ғылымы.

Абайдың табиғат лирикасы – ақынның ұлы талантын, биік

мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы жазылған

өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас

аумалы-төкпелі күй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық

қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз

заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар.

 

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст