Текст
2022-шы жылдың қараша айының 16-шы жұлдызында №2 Аршалы жалпы орта мектебінде 10-11 сынып оқушылары мен ЕЦ қызметкерлерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының еліміздегі тәртіп беріктігінің сақталуындағы маңызы жайлы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, ішкі істер мамандарын дайындайтын оқу орындары туралы бағыт-бағдар берілді.