14.01.2026
Оқушылар арасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында "Аршалы кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де түсіндіру-алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды. Осы іс-шара аясында білім беру мекемесіне ювеналды полиция қызметкерлері келді.
Білім алушылармен кездесу барысында ювеналды полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізді. Оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі нысандары, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Өткізілген іс-шара Білім алушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және олардың жеке қауіпсіздігі мен адам құқықтарын сақтау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етті.