10.10.2025
8 қазанда еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден астам мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру ардагерлері мен сарапшылар AMANAT партиясының "Мұғалім Talks" кейс-платформасының екінші отырысына жиналды. Кездесудің басты тақырыбы жасанды интеллект дәуіріндегі білім берудегі мұғалім мен инновацияның рөлі болды.
"Мұғалім Talks" кейс-платформасының жұмысына біздің әріптесіміз, тарих пәнінің мұғалімі Ольга Геннадьевна Давыдова да қатысты.
Ольга Геннадьевна STEM әдістерін қолдану және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тарих тірі және қызықты ғылым бола алатынын көрсете отырып, өз тәжірибесін ұсынды. Оның айтуынша, мұндай тәсілдер оқушылардың сыни ойлауын, зерттеу дағдыларын және өткенді зерттеуге деген қызығушылығын дамытады.
Ольга Геннадьевна жоғары кәсібилігі, шығармашылығы және оқу үдерісіне инновацияларды белсенді енгізгені үшін Amanat партиясының арнайы "Ұстаз – ұлт айнасы" төсбелгісімен марапатталды.